Шымкент: 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған еске алу іс-шарасы — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған еске алу іс-шарасы

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күніне орай өтетін еске алу жиынына қатысуға шақырамыз.

Іс-шара барысында «Мәңгілік алау» жанында құрмет қарауылы сап түзеп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алу рәсімі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, майдангерлер рухына тағзым етіліп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Өтетін күні: 9 мамыр 2026 жыл
Басталуы: 08:40
Өтетін орны: «Даңқ» мемориалдық кешені

Баршаңызды Жеңіс күніне арналған тағзым және еске алу шарасының құрметті қонағы болуға шақырамыз.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...