Жастарға жаңа мүмкіндік: бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Жастарға жаңа мүмкіндік: бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Бұл алаң – бітіруші түлектер мен жұмыс берушілерді тікелей байланыстырып, жастарға нақты мүмкіндік ұсынған маңызды кездесу болды.

Іс-шараға университет ұжымы, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары, сондай-ақ өңірдегі түрлі кәсіпорындар мен жұмыс берушілер қатысып, ашық форматта пікір алмасып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылады. Түлектер үшін бұл – тек ақпарат алу емес, болашақ жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатып, еңбек нарығына алғашқы нақты қадам жасау сәті болды.

Шарада Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары директорының орынбасары Бақытжан Құралбаев өңірдегі даму қарқынына тоқталып, жастарға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

«Түркістан – тек рухани орталық емес, бұл – жас мамандар үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы. Кім еңбек етемін, дамимын десе, бұл қалада барлық жол ашық. Ең бастысы – сол мүмкіндікті дер кезінде пайдаланып, батыл қадам жасау», – деді ол.

Бүгінде Түркістанда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Қалада жаңа қонақ үйлер, туристік нысандар мен қызмет көрсету орындары ашылып, білікті мамандарға сұраныс артып отыр. Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік.

Жәрмеңке барысында студенттер түрлі компания өкілдерімен тілдесіп, өздерін таныстырып, нақты ұсыныстар алды. Осындай кездесулер жас мамандарға еңбек нарығын түсініп, өз бағытын айқындауға көмектеседі.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар тек жұмыс іздеу алаңы ғана емес, жастардың сенімін арттырып, кәсіби қадам жасауына серпін береді.

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...