Автожол саласындағы жаңа шек: Бизнес өкілдері қарсы пікір білдірді — Xnews — ақпарат агенттігі

Автожол саласындағы жаңа шек: Бизнес өкілдері қарсы пікір білдірді

Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік сатып алу саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған онлайн және оффлайн форматта жиын өтті. Кездесу барысында «Мемлекеттік сатып алу қағидаларына» енгізілетін өзгерістер, атап айтқанда автомобиль жолдары нысандары бойынша конкурсқа қатысу өтінімінің шартты бағасын айқындау кезінде 2000 АЕК-тен 1,7 млн АЕК-ке дейінгі шекті белгілеу мәселесі қаралды.

Жиынға өңірдегі автожол саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен салалық сарапшылар қатысты. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің бизнес қауымдастыққа ықпалы жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

Талқылау барысында кәсіпкерлер бұл нормаға қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Әсіресе ірі кәсіпкерлік субъектілері аталған шекті мөлшердің күрт өсуі нарықтағы бәсекелестікті төмендетіп, мемлекеттік сатып алуларға қатысатын компаниялар санының азаюына әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, кейбір қатысушылар мұндай өзгерістер шағын және орта бизнестің қатысу мүмкіндігін шектеп, нарықтағы тепе-теңдікке әсер етуі ықтимал екенін жеткізді.

Жиын соңында автожол саласындағы кәсіпкерлер аталған бастамаға қарсы екендігін білдірді. Кәсіпкерлер палатасының өкілдері барлық ұсыныстар мен пікірлер хаттамаға енгізілді.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...