Түркістан: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласында «Жаһандық мансап қақпасы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бағыт-бағдар беру, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату.

2026 жылға арналған жастар практикасы бағдарламасы шеңберінде 600 азаматты жұмыспен қамту жоспары бекітілген. Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында 160 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында осындай тағы екі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.

#turkistan

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...