Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Түркістан облысында еңбек қауіпсіздігіне арналған арнайы іс-шара өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіподақ ұйымдары және сала мамандары қатысып, өңірдегі еңбек қатынастарының жай-күйі мен өзекті мәселелерін талқылады.

Іс-шара барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелді еңбек қауіпсіздігі ахуалы мен Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек талаптарды орындаумен шектелмей, жүйелі бақылау мен алдын алу шараларын күшейтуді қажет ететінін атап өтті.

Жиын барысында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев еңбек қауіпсіздігі тек заң талаптарын орындаумен шектелмейтінін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл – адам өміріне деген құрмет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі.

«Еңбек қауіпсіздігі – бұл тек заң талаптарын сақтау ғана емес. Бұл – адам өмірі мен денсаулығына деген құрмет, кәсіпорынның тұрақты дамуының кепілі және жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі», – деді ол.

Іс-шара барысында өндірістегі қауіпсіздікті арттыру, қызметкерлерді міндетті сақтандыру, еңбек заңнамасын түсіндіру және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері кеңінен қозғалды. Қатысушылар еңбек қатынастарын жетілдіруде ашық диалог пен бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.

Жиын қорытындысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...