Әдеп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің басты қағидаты — Xnews — ақпарат агенттігі

Әдеп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің басты қағидаты

Мемлекеттік қызметшілер– мемлекет пен халық арасындағы негізгі дәнекер. Сондықтан мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен беделі көп жағдайда қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, олардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауына тікелей байланысты. Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті жиынында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Әділ Бектұрғановтың төрағалығымен өткен жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Орманов баяндама жасап, мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп қағидаттарының маңыздылығына тоқталды.

Өз сөзінде уәкіл мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы – халық сенімін арттырудың негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқын, іс-әрекетін, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынасын реттейтін моральдық-этикалық қағидаттар жиынтығы. Әдеп нормалары мемлекеттік қызметтің ашықтығын, әділдігін және халыққа бағдарланған сипатын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жиын барысында аппарат қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне қойылатын әдеп талаптары түсіндіріліп, күнделікті қызмет барысында туындайтын түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары баяндалды. Сонымен қатар, қызметкерлердің мінез-құлқына және қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауына ерекше назар аударылды.

Аппарат басшылығы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыру, азаматтармен тиімді кері байланыс орнату және қызметтік әдепті бұзуға жол бермеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді. Мемлекеттік қызметшілер үшін әдептілік ең алдымен адалдық, бейтараптық, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным арқылы көрінеді. Қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланбау, заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – кәсіби әдептің негізгі талаптары.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы, сабырлы және ашық болуы тиіс. Халықтың өтініштері мен шағымдарына немқұрайлы қарамай, оларды заң аясында уақтылы әрі сапалы қарау – мемлекеттік қызметтің басты міндеттерінің бірі. Бұл халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар беріліп, әдеп нормаларын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екені тағы бір мәрте ескертілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Этика и ответственность – главный принцип государственной службы

Государственные служащие — это основное связующее звено между государством и народом. Поэтому эффективность и авторитет государственного аппарата во многом зависят не только от профессиональной квалификации сотрудников, но и от строгого соблюдения ими норм служебной этики. На очередном совещании аппарата акима Туркестанской области были широко обсуждены вопросы соблюдения этических норм государственными служащими. На заседании, прошедшем под председательством исполняющего обязанности руководителя аппарата акима области Адиля Бектурганова, с докладом выступил Уполномоченный по этике аппарата акима Туркестанской области Ербол Орманов, подчеркнувший важность этических принципов в сфере госслужбы.

В своем выступлении Уполномоченный отметил, что соблюдение служебной этики является одним из ключевых механизмов повышения доверия населения. Также он подробно остановился на проводимой работе по укреплению служебной дисциплины, профилактике коррупции и обеспечению прозрачности государственного аппарата.

Служебная этика — это совокупность морально-этических принципов, регулирующих поведение, действия и взаимоотношения государственного служащего с гражданами и коллегами. Этические нормы направлены на обеспечение прозрачности, справедливости и ориентированности государственной службы на нужды населения.

В ходе совещания сотрудникам аппарата были разъяснены этические требования, предъявляемые к государственным служащим Республики Казахстан, и представлены способы принятия правильных решений в различных ситуациях, возникающих в ходе повседневной деятельности. Особое внимание было уделено поведению сотрудников и соблюдению ими этических норм во внеслужебное время.

Руководство аппарата сообщило, что работа по повышению профессиональной культуры госслужащих, установлению эффективной обратной связи с гражданами и недопущению нарушений служебной этики будет продолжена на системной основе. Для государственного служащего этичность проявляется прежде всего через честность, беспристрастность, ответственность и антикоррупционную позицию. Неиспользование служебного положения в личных целях, строгое соблюдение требований закона, уважение прав и свобод граждан — таковы основные требования профессиональной этики.

Кроме того, при общении с гражданами государственный служащий должен быть вежливым, тактичным и открытым. Своевременное и качественное рассмотрение обращений и жалоб населения в рамках закона, без проявлений равнодушия, является одной из главных задач государственной службы. Это способствует росту доверия народа к государству.

По итогам совещания участникам были даны конкретные поручения. Было еще раз подчеркнуто, что соблюдение норм этики является главным долгом каждого государственного служащего.

Пресс-служба акима Туркестанской области

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...