Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту және балаларға арналған қосымша білім беруді ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов атап өткендей, мегаполисте телекоммуникациялық инфрақұрылымды жүйелі дамыту жалғасуда. Қазіргі таңда қалада 1 771 базалық станция жұмыс істейді, соңғы үш жылда 328 жаңа нысан іске қосылып, 389 станция 5G стандартына көшірілген. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен аймақтар саны 147-ден 8-ге дейін қысқарды.
Сонымен қатар, кең жолақты интернетті кеңейту жұмысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін қала тұрғындарының барлығы кең жолақты интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігіне ие болады. Бұған қоса, қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi желісі дамып келеді.
Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов Шымкентте 273 мың оқушының 115 мыңы (42%) қосымша біліммен қамтылғанын, сабақтар 646 үйірмеде өтетінін баяндады.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қалада ваучерлік қаржыландыру негізінде бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жүйенің ашықтығын арттырып, ата-аналарға үйірмелерді еркін таңдауға мүмкіндік берді. Жоба аясында 28 мың бала қосымша біліммен қамтылды.
Сонымен қатар, сабаққа қатыспаған немесе қайтадан тіркелген 16 мыңнан астам бала жүйеден шығарылып, нәтижесінде 2 млрд теңгеге жуық қаржы үнемделді. Қамтуды кеңейту мақсатында 84 мектепте үйірмелер мен секцияларды жүргізу үшін педагогтарды қосымша қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылуда. Нәтижесінде шамамен 50 мың баланы қамтып, жалпы көрсеткішті 60%-дан жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру, қоғамдық Wi-Fi желісін дамыту, сондай-ақ, қоғамдық орындарда дабыл беру және полиция қызметкерлерін жедел шақыру үшін «SOS» батырмаларын орнатуды жалғастыруды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
➖
Аппаратное совещание в Шымкенте: рассмотрены актуальные вопросы
Под председательством акима города Шымкент Габита Сыздыкбекова состоялось аппаратное совещание, на котором рассмотрены вопросы развития телекоммуникационной инфраструктуры, а также организации дополнительного образования для детей.
По словам руководителя управления цифровизации Мухита Кемелова, в Шымкенте продолжается системное развитие телекоммуникационной инфраструктуры. На сегодняшний день в городе функционирует 1 771 базовая станция, за последние три года введено ещё 328 новых объектов, а 389 станций переведены на стандарт 5G. В результате количество зон с низким качеством связи сокращено со 147 до 8.
Также параллельно ведётся работа по расширению широкополосного интернета. До конца текущего все жителя города обучаться техническую возможность для подключения к широкополосному интернету. Наряду с этим, в городе развивается бесплатная сеть Wi-Fi в общественных местах.
Руководитель управления образования Куаныш Искаков доложил, что в Шымкенте из 273 тыс. школьников дополнительным образованием охвачены 115 тыс. детей (42%), занятия проводятся в 646 кружках. С 1 июля 2025 года в городе реализуется пилотный проект по внедрению единого государственного заказа с ваучерным финансированием. Это позволило повысить прозрачность системы и обеспечить свободный выбор кружков для родителей. В рамках проекта 28 тыс. детям уже оказаны услуги.
Одновременно из системы исключены более 16 тыс. детей, не посещавших занятия или дублировавших записи, что позволило сэкономить порядка 2 млрд. тенге. В целях расширения охвата изучается возможность дополнительного финансирования педагогов для работы кружков и секций в 84 школах. Реализация данной меры позволит охватить около 50 тыс. детей и увеличить общий показатель до более чем 60%.
Подводя итоги совещания, аким города поручил продолжить работу по расширению охвата детей дополнительным образованием, развитию сети общественного Wi-Fi, а также установке кнопок «SOS» для передачи тревожного сигнала и экстренного вызова сотрудников полиции в общественных пространствах города.
Пресс-служба акима города Шымкент
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары