«Қауіпсіз жол»: Шымкентте жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

«Қауіпсіз жол»: Шымкентте жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Аталған іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері «Жас сақшы» және «Жас жол инспекторлары» қатысушыларымен арнайы кездесу өткізіп, жасөспірімдер арасында жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, сондай-ақ жолдағы жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, самокат пен мопедті пайдалану кезінде, әсіресе веложолдарда қозғалу барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Іс-шара аясында жол-көлік оқиғаларының салдарынан зақымданған автокөліктер мен мопедтер көрнекі түрде ұсынылды. Бұл қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін нақты көрсетуге бағытталды.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу ең алдымен тәртіп пен жауапкершілікке байланысты екенін атап өтіп, жас сақшылардың бұл бағыттағы рөлінің маңызды екенін жеткізді.

Аталған бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық шараларды тұрақты түрде жалғастырады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...