Полиция бет-жүзді жабатын киім киюге тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Полиция бет-жүзді жабатын киім киюге тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сауран ауданының полицейлерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіруге бағытталған профилактикалық шараларды өткізуде.

Белгілі болғандай, 2026 жылдың 2 наурызынан бастап ел аумағында қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жауып, жеке басын тануға кедергі келтіретін киім-кешек элементтерін киюге тыйым салатын норма күшіне енді. Тиісті талаптар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген.

Бұл ретте хиджаб, шейла, химар, әл-амира сияқты және бет-жүзді жаппайтын өзге де діни киім элементтері аталған талапқа жатпайды. Сондай-ақ бұл тыйым ауа райы жағдайларына, медициналық көрсеткіштерге, заң талаптарын орындауға, қызметтік міндеттерге, азаматтық қорғау саласындағы қызметке, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.

Аталған жұмыстар аясында тәртіп сақшылары аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп, заң талаптарын түсіндірді, ақпараттық жадынамалар таратып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Әсіресе адамдар көп шоғырланатын орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінді.

Полицейлер заң талаптарын бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...