Түркістан облысында «Таза қала» акциясына 40 мыңнан астам адам қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында «Таза қала» акциясына 40 мыңнан астам адам қатысты

Түркістан облысында «Таза қала» акциясына 40 мыңнан астам тұрғын атсалысты. Сондай-ақ шара барысында 272 техника жұмылдырылып, 2400 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигондарға жеткізілді. Одан бөлек, 30 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылып, 70 мыңға жуық ағаш әктелді.
Сонымен қатар, 462 аялдама мен 232 саябақ ретке келтірілді.

Жалпыреспубликалық акция аясында Төлеби ауданында «Бір адам – бір ағаш» акциясы, Жетісай ауданында «Талмен түлеген туған жер», Түлкібас ауданында «Парктер шеруі», Сайрам ауданында «Жасыл белдеу» сияқты бірқатар акциялары ұйымдастырылып, халықтың тазалық жұмыстарына деген белсенділігі артуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...