Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Сарыағаш ауданында «Жасыл аймақ» бастамасы шеңберінде ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты – өңір аумағын көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар мен жастар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Аталған шараға 100-ге жуық ерікті жастар мен белсенді тұрғындар қатысып, 200-ге жуық тал көшетін отырғызды. Қатысушылар аумақты абаттандыру жұмыстарына атсалысып, ағаш көшеттерін отырғызды.

«Бұл шара — қоршаған ортаны қорғауға және өңірдің жасыл желегін көбейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы көгалдандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл бастаманы облыстың белсенді жастары бірауыздан қолдайды» — деді облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...