Түркістан: Кентауда «Қалдықсыз әлем» халықаралық күніне орай тазалық шарасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Кентауда «Қалдықсыз әлем» халықаралық күніне орай тазалық шарасы өтті

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық шарасы өткізілді. Шаһар тұрғындарының, оның ішінде ата-аналар мен балалардың қатысуымен өткен жоба «Қалдықсыз әлем» халықаралық күніне орай қоршаған ортаны қорғау мақсатында «Бір пакет қоқыс — бір балмұздақ» деген атаумен ұйымдастырылған.

Іс-шара барысында балалар қоқыс жинауға белсенді қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Әрбір жиналған қоқыс пакеті үшін балаларға ынталандыру ретінде балмұздақ таратылды. Игі бастамаға жалпы 500-ге жуық азамат белсене қатысқан. Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және өскелең ұрпақты тазалық пен тәртіп мәселелеріне тартуға бағытталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...