Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған ауқымды гала-концерт өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған ауқымды гала-концерт өтті

21 наурыз күні Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күніне орай кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Қаладағы алты бірдей ірі алаң мен саябақтарда ұйымдастырылған думанды кештер тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

Кешкі сағат 19:00-де Астана алаңында өткен гала-концерт мерекенің шарықтау шегіне айналды. Іс-шара аясында жергілікті өнерпаздармен қатар елімізге танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова өнер көрсетті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Астана алаңында өткен гала-концертте жергілікті өнер жұлдыздары және хедлайнерлер TURAR мен Kalifarniya қатысып, көпшілікке ерекше бағдарлама ұсынды.

Мерекелік кеш әсерлі әрі эксклюзивті отшашумен қорытындыланып, Наурыз мейрамының сәнін келтірді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...