Шымкентте «DamDastour» фестивалі ауқымды түрде ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «DamDastour» фестивалі ауқымды түрде ұйымдастырылды

Шымкент қаласында Наурыз мерекесін атап өту аясындағы маңызды оқиғаларының бірі – DamDastour халықаралық гастрономиялық фестивалі болды. Әл-Фараби алаңында өткен фестиваль жалпы қалалық мерекелік бағдарламаның жалғасына айналып, ұлттық және әлемдік асхананың үздік дәстүрлерін бірге көпшілік назарына ұсынды.

Фестивальге Қазақстаннан және шетелдерден келген халықаралық деңгейдегі 10 шеф-аспаз қатысты. Олар авторлық тағамдарын ұсынып, шеберлік сабақтарын өткізді, дәстүрлі тағамдарды әзірлеудің заманауи тәсілдерін көрсетіп, кәсіби шеберліктерін бөлісті.

Бірнеше номинация бойынша өткен гастрономиялық байқаулар қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырып, бағдарламаның ең әсерлі бөлімдерінің біріне айналды. Елуге жуық жергілікті мейрамхана өз өнімдерін таныстырып, алуан түрлі тағамдар мен дәмдерін ұсынған фестиваль мазмұнды мәдени-ойын-сауық бағдарламамен қатар жүрді.

Бағдарлама аясында би баттлдары, домбырашылар ансамблінің шоуы, цирк қойылымдары, мотошеру және спорттық автокөліктер көрмесі ұйымдастырылды. Фестиваль аумағы тақырыптық аймақтарға бөлініп, қорытындысында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен отандық өнерпаздар және арнайы шақырылған хедлайнер қатысқан концерт өтті.

Осылайша DamDastour халықаралық фестивалі Шымкенттегі Наурыз мерекесін ауқымды тойлаудың маңызды бөлігіне айналып, дәстүр мен заманауи өнердің үйлесімін айқын көрсетті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...