Өндіріс саласын дамыту: «DIVALUX» ЖШС-ға жұмыс сапары — Xnews — ақпарат агенттігі

Өндіріс саласын дамыту: «DIVALUX» ЖШС-ға жұмыс сапары

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев жұмыс сапарымен Сауран ауданындағы «DIVALUX» ЖШС кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында палата директоры кәсіпорын құрылтайшысы Ихтияр Мадаминовпен ашық диалог жүргізіп, өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Мәселен, кәсіпорынның өндірісін кеңейту үшін қосымша жер телімдері қажет екендігі және ауылдық округтердегі су тапшылығы сияқты проблемалар бойынша кәсіпкер өз шағымын білдірді. Асылан Ибадуллаев бұл мәселелерді назарға алатынын, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін, барлық кедергілерді міндетті түрде шешетінін атап өтті.

«DIVALUX» ЖШС – жұмсақ жиһаз өндірісімен айналысатын, 7 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан отандық кәсіпорын. Өндіріс барысында заманауи технологиялар, оның ішінде түрік тәжірибесіне негізделген өндірістік әдістер қолданылады.

Қазіргі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тәулігіне 30–40 дана өнім шығаруға мүмкіндік береді, ал айына орта есеппен шамамен 1000 жиһаз өндіріледі. Өнім сапасына ерекше көңіл бөлетін кәсіпорынның өнімдері тек ішкі нарықта ғана емес, Қырғызстан мен Ресейге де экспортталады.

Кездесудің соңында Асылан Ибадуллаев «DIVALUX» ЖШС өнімдерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатыстыруға шақырып, кәсіпорынның сапалы өнімдері қазақстандық нарықта ғана емес, халықаралық деңгейде де танымал болатынына сенім білдірді.

Аталған жұмыс сапары өңірдегі өндіріс саласының әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешуге және бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...