Түркістан облысында кәмелет жасқа толған азаматтар референдумда өз таңдауларын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында кәмелет жасқа толған азаматтар референдумда өз таңдауларын жасады

Түркістан қаласындағы №881 референдум учаскесінде 18 жасқа толған азамат алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Бұл – жас сайлаушының елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға алғаш рет қатысуы. Сондай-ақ, Келес ауданындағы №324 референдум учаскесінде 18 жастағы дауыс беруші өз таңдауын жасады. Биылғы референдумның ерекшеліктерінің бірі – алғаш рет дауыс беретін жастардың көптігі. Түркістан облысы бойынша 37 796 жас азамат алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болып отыр. Сонымен қатар, дәл 15 наурыз күні 135 жас кәмелет жасына толып, референдумда алғаш рет өз таңдауын жасайды.

Бақылаушылардың айтуынша, алғаш рет дауыс беріп жатқан жас азаматтар белсенділік танытып, елдің қоғамдық-саяси өміріне бей-жай қарамайтынын көрсетуде. Жас сайлаушылардың референдумға қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігінің артып келе жатқанын аңғартады. Бұл – жастардың ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қосуға дайын екенін білдіретін маңызды қадам. Мұндай саяси науқандар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйін жақсарту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде ...

Шымкентте тұрғын үймен қамту бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қалада тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарды кезең-кезеңімен тұрғын үймен ...