Түркістан: Кентауда «Үздік келін– 2025» байқауының жеңімпазы Динара Оралова отбасымен бірге өз таңдауын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Кентауда «Үздік келін– 2025» байқауының жеңімпазы Динара Оралова отбасымен бірге өз таңдауын жасады

Кентау қаласы, Байылдыр ауылында Nº48 дауыс беру учаскесіне Кентау қалалық келіндер сайысының жеңімпазы, ауылдың үлгілі келіні Динара Оралова өз отбасымен келіп, бүгінгі референдумда өз таңдауларын жасады.

«Әрбір азаматтың ел болашағына бей-жай қарамай, өз таңдауын жасап, дауыс беруі – үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Мен де осы жауапкершілікті терең сезініп, референдумға өз отбасыммен келіп таңдау жасадым. Себебі әрбір дауыс – мемлекетіміздің ертеңгі дамуына қосылған үлес. «Үздік келін – 2025» байқауының жеңімпазы ретінде қоғамдағы белсенділік пен азаматтық ұстанымның маңызын жақсы түсінемін. Келін тек бір әулеттің ғана емес, бүкіл қоғамның тәрбиелік құндылықтарын насихаттайтын тұлға деп есептеймін. Сондықтан бүгінгі таңда ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте шетте қалмай, өз азаматтық борышымды орындау – мен үшін үлкен мәртебе. Барша қазақстандықтарды да белсенді болуға, өз таңдауларын жасауға шақырамын»-деді қала тұрғыны.

Айта кетейік, Кентау қаласында 35 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Қалада 56 099 азамат дауыс беру құқығына ие.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...