Референдум: Түркістан облысындағы учаскелерде «Baursak party» ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Түркістан облысындағы учаскелерде «Baursak party» ұйымдастырылды

Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелерінде «Baursak party» ұйымдастырылды. Өз таңдауларын жасауға келген азаматтарға ұлттық тағамдарымыз ұсынылып, бауырсақтан дәм татуға мүмкіндік берілді. Қазығұрт және Түлкібас аудандарында жайылған дастарқаннан дәм татушылар саны көп.

«Ұлттық тағамдарымызды ұсынып, тамаша дастарқан дайындаған азаматтарға алғыс айтқымыз келеді. Наурызнаманың онкүндігіне тура келген саяси науқан барысында қазақы дәмнен дәм тату ерекше әсер сыйлайды» — деді Түлкібас ауданының тұрғыны Жібек Ибрагим.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...