Түркістан облысының бірқатар қалаларында референдумға орай қоғамдық көліктер тегін қатынауда — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының бірқатар қалаларында референдумға орай қоғамдық көліктер тегін қатынауда

Бүгін республикалық референдумға байланысты Түркістан облысының бірқатар қалаларында қоғамдық көліктер тегін қатынауда. Атап айтқанда, бұл шара Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында ұйымдастырылды. Бұл бастама тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр.

Референдум күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктерді ақысыз пайдалана алады. Барлық автобус бағыттары тегін қатынайды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.Айта кетейік, бүгін өңірдегі барлық дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...