«Табалдырығыңа табын» тағылымы терең қойылым — Xnews — ақпарат агенттігі

«Табалдырығыңа табын» тағылымы терең қойылым

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры көрермен назарына жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Табалдырығыңа табын» драмасын ұсынады.

Қойылымның режиссері — Айдар Наурызбаев. Спектакльдің көркемдік шешімі мен сахналық безендірілуін қоюшы суретші Қанат Шериев жүзеге асырса, костюм суретшісі — Маржан Досанқұлова. Театрдың көркемдік жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Бағлан Төлендиев.

Спектакльде қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі -ата-ана қадірін ұмытқан ұрпақ, адамгершілік пен перзенттік парыз тақырыбы кеңінен қозғалады. Қойылым желісі бойынша бір университеттің ректоры бола тұра, ауылдағы қарт ата-анасынан хабарсыз кеткен ұлдың тағдыры баяндалады. Анасы өмірден өткенде де ауылына барып, қабіріне бір уыс топырақ салуға жарамаған перзенттің әрекеті арқылы қоғамдағы рухани құндылықтар мәселесі көрермен назарына ұсынылады.

Қойылымда уақыттың әділ таразысы айқын көрініс табады. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген халық даналығы спектакльдің негізгі идеясына айналып, әкенің көргенін ұлының қайталауы арқылы өмір шындығы ашылады.

Спектакль көрерменді ата-ана алдындағы парыз, адамгершілік және рухани құндылықтар туралы терең ойға жетелейді.

Қойылымда: Жасұлан Тұрғанбаев, Жандос Маханов, Жадыра Сейдахметова, Асел Қожабекова, Асанәлі Айдарұлы, Бекарыс Малдыбек, Талғат Қарынбаев, Ғалымжан Бейсенбаев, Алмагүл Индемесова, Аяз Ильясов, Шакен Амантуров, Нұрбағлан Джумабаев, Бақдаулет Шаймахан, Аружан Нышанбай сынды театр әртістері өнер көрсетеді.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...