Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі — Xnews — ақпарат агенттігі

Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Шымкент қаласындағы В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің акт залында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Жаңа Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.

Кездесуге қатысқан арнай сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары мен бөлімдері туралы баяндап, әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасының маңызына тоқталды. Атап айтқанда, бұл қағидат азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды, халықтың осал топтарын қолдауды және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар мемлекет азаматтарды жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға міндетті екені атап өтілді.

Кездесу барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев сөз сөйлеп, Жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.

«Жаңа Конституция халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. Құжатта азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік теңсіздікті азайту және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілген», – деді Батырбек Жалмұрзаев.

Жиын барысында ішкі саясаттың басым бағыттары туралы да айтылып, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен нығайту әрбір азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді. Сондай-ақ 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға қатысу және өз таңдауын жасау қала тұрғындары үшін маңызды азаматтық міндеттердің бірі екені түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Ата заңды қолдайтындарын жеткізді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...