Мәдени мұраны қорғау – ұлттық құндылықтарды сақтаудың негізі — Xnews — ақпарат агенттігі

Мәдени мұраны қорғау – ұлттық құндылықтарды сақтаудың негізі

Жаңа Конституция жобасында мәдени мұраны қорғау мәселесіне ерекше мән берілген. Негізгі заңның жаңартылған мәтінінде мәдени мұраның қоғам өміріндегі маңызы айрықша атап көрсетіліп, оны сақтау, қорғау және дамыту мемлекет міндеттерінің бірі ретінде белгіленген.

Құжатта мәдениет ұлттық бірегейліктің өзегі ретінде танылып, халықтың тарихи-рухани құндылықтарын сақтауға басымдық берілетіні көрсетілген. Сонымен қатар, өнер мен мәдени жобалардың дамуына қолдау көрсету, мәдениетті өркендетуге бағытталған бастамаларды ілгерілету конституциялық деңгейде қарастырылған.

Бұл қағидаттар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи мұраны келер ұрпаққа аман жеткізуге және қоғамның рухани дамуына серпін береді. Мәдени мұраны қорғау мен дамытуға бағытталған мұндай нормалар елдің рухани әлеуетін арттырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға қызмет етеді.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...