Жаңа өзгерістер адамға бағдарланып отыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Жаңа өзгерістер адамға бағдарланып отыр

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша Жаңаталап елді мекенінде тұрғындармен кездесу іс-шарасы өтті. Шымкент қалалық ҚХА және түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері Ата заңның жаңа редакциясындағы оң өзгерістерге жан-жақты тоқталып, байыпты баяндама жасады.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нышан Байғұтов қазіргі қоғамға өзгеріс қажет екенін, еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы екенін атап өтті. Жаңа Конституция елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған мәні зор бастама.

– Бүгінгі таңда әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруі, қоғам сұраныстарының жаңа деңгейге көтерілуі құқықтық жүйені жаңаша пайымдауды талап етеді. Елдің одан әрі дамуы үшін құқықтық нормаларды қазіргі заман талаптарына бейімдеу қажеттілігі туындап отыр. Жаңа Конституция – Адам құқықтары мен Заң үстемдігін ту еткен, білім мен ғылымға сүйенген, өркениетті, тарихы терең, болашақ алдында жауапкершілігі мол ел ретінде танытатын нақты қадам, – деді Н.Байғұтов.

Сондай-ақ, қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Қыдырәлі Насибов тұрақтылық болмаған жерде еш даму болмайтынын, Жаңа Конституцияда еліміздің келешегіне тікелей ықпал ететін оң өзгерістер жасалғанын айтты. Жалпы айтқанда, жаңа редакциядағы Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше маңыз беріліп отыр.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...