ҚР Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Түркістандағы референдум учаскелерінің дайындығымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

ҚР Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Түркістандағы референдум учаскелерінің дайындығымен танысты

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Түркістан облысындағы референдум учаскелерінің дауыс беруді өткізуге дайындығын және олардың материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін бағалады.

Тексеру барысында учаскелердің жабдықталуы, дауыс беруге арналған кабиналардың орналасуы, ақпараттық баннерлер мен көрнекі материалдар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайлар қаралды.

Түркістан облысында республикалық референдумға 948 учаске дайындалған, оның ішінде 26 жабық учаске бар. Референдумды ұйымдастыруға облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Олардың 90 пайызы әртүрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар.

Облыста 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Сонымен қатар 16 601 ерекше қажеттілігі бар сайлаушы тіркелген. Олардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету үшін учаскелерде пандустар, тактильді жолақтар орнатылып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Референдум учаскелеріндегі ақпараттық стендтерде комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссиялардың, сот, прокуратура және құқық қорғау органдарының байланыс деректері, дауыс беру бюллетенінің үлгісі мен дауыс беру тәртібі туралы мәліметтер орналастырылған.

Мүгедектігі бар азаматтар үшін Брайль қарпі бар трафареттер, арба пайдаланатын адамдарға бейімделген құпия дауыс беру кабиналары және компьютер, үлкейткіш әйнек пен қосымша жарықтандыру құралдарымен жабдықталған арнайы бұрыштар қарастырылған.

Сонымен қатар денсаулығына байланысты үйден шыға алмайтын азаматтардың референдум күні сағат 12:00-ге дейін берген өтініштері негізінде олардың тұрғылықты жерінде дауыс беру ұйымдастырылады.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...