Түркістанда Конституциялық реформаны қолдауға арналған мурал ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Конституциялық реформаны қолдауға арналған мурал ашылды

Түркістан қаласында Конституциялық реформаны қолдау мақсатында қоғамдық маңызы бар көркем жоба іске асырылды. Қаланың туристік аймақтарының бірі – «Керуен сарай» кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне арнайы тематикалық мурал салынды.

Жоба кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып, азаматтық қоғам өкілдерінің елдегі саяси реформаларды қолдауға бағытталған белсенді ұстанымын көрсетті.

Муралда Конституциялық реформаның негізгі қағидаттары – заң үстемдігі, әділетті қоғам құру, азаматтық жауапкершілік пен халық бірлігінің маңызы көркемдік тәсілдер арқылы бейнеленген.

Іс-шара аясында жастардың қатысуымен патриоттық бағыттағы акция ұйымдастырылып, реформаның мәні мен маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз-қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...