Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Бұл қағида – еліміздің басты құндылықтары мен даму бағытын айқындайтын берік тұғыр.

Демократиялық мемлекет ретінде халық – биліктің қайнар көзі. Әр азаматтың пікірі маңызды, таңдауы құрметке лайық.

Зайырлы мемлекет ретінде ар-ождан бостандығы мен рухани еркіндікке кепілдік беріледі.

Құқықтық мемлекет ретінде заң үстемдігі қамтамасыз етіліп, әркімнің құқығы қорғалады.

Әлеуметтік мемлекет ретінде халықтың әл-ауқатын арттыру, тең мүмкіндіктер жасау – басты міндет.

«Жаңа Конституция» – әділдік пен жауапкершілікке негізделген қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Әр азамат заңды құрметтеп, ел дамуына өз үлесін қосқанда ғана қуатты, біртұтас Қазақстанды бірге құрамыз.

Біздің күшіміз – бірлікте, болашағымыз – заң үстемдігінде!

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...