Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы — Xnews — ақпарат агенттігі

Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы

Түркістан өңірінде жаңа Конституция жобасын елге таныстыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Нақтырақ айтқанда, жалпыұлттық коалиция мүшелері аудан, қалаларға арнайы барып, азаматтармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын атқарып келеді. Осындай жиынның бірі Төлеби ауданындағы «Qazaq Bitum» ЖШС-да өткізіліп, коалиция мүшелері, Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Әлішер Сатвалдиев, облыстық мәслихат депутаттары Ғалымжан Елшібай, Ханай Әшірбеков және “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев еңбек ұжымына заңнамалық реформаның мән-маңызын айтып берді. Оның ішінде жаңа конституциялық өзгерістердің өндіріс саласын дамытудағы рөлі, адал бәсекелестікті қалыптастыру, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері сөз болды.

Коалиция өкілдері реформалардың басты мақсаты – экономиканың нақты секторын нығайту, отандық өндірісті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру екенін атап өтті. Әсіресе, адал бәсекелестік қағидаттарын күшейту арқылы кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, өндіріс орындарының тұрақты дамуына жағдай жасау бағытындағы өзгерістерге ерекше тоқталды.

— Конституциялық реформа – бұл тек заңнамалық өзгеріс емес, бұл – әділ экономикалық орта қалыптастырудың негізі. Өндіріс дамымай, ел экономикасы алға баспайды. Сондықтан жаңа өзгерістер адал бәсекеге жол ашып, еңбек адамдарының құқықтарын қорғауды күшейтеді. Әлеуметтік қолдау шаралары да нақты сектор қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы, – деді Әли Бектаев кездесуде.

Кездесу барысында өндіріс саласының мамандары да өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Коалиция мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформаның әрбір салаға тигізетін нақты тиімділіктерін түсіндірді.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...