Конституцияның үстемдігі – құқықтық мемлекеттің басты қағидаты — Xnews — ақпарат агенттігі

Конституцияның үстемдігі – құқықтық мемлекеттің басты қағидаты

Астана қаласында өткен «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция жобасындағы ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы туралы сауалға жауап берді.

Министрдің айтуынша, Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет екені нақты көрсетілген. Ал 5-бапқа сәйкес, қолданыстағы құқық құрамына Конституция нормалары, соған сәйкес заңдар, Конституциялық және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттық міндеттемелер кіреді.

Сонымен қатар, аса маңызды қағидат ретінде Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар екені және республика аумағында тікелей қолданылатыны атап өтілді. Бұл – ұлттық құқық жүйесінің берік негізін айқындайтын басты норма.

Министр 10-бапқа да ерекше тоқталып, Қазақстан халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейтінін, бейбітшілік пен ынтымақтастық саясатын жүргізетінін, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу ұстанымдарын берік ұстанатынын жеткізді.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы ұлттық құқықтың үстемдігін сақтай отырып, халықаралық құқық нормаларын құрметтеуге негізделген теңгерімді құқықтық модельді ұсынады. Бұл – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, елдің тұрақты дамуына сенімді негіз қалыптастыратын маңызды қадам.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын ...