Шымкент: Заң мен тәртіпке, әділеттілікке басымдық берілген — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Заң мен тәртіпке, әділеттілікке басымдық берілген

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Жиынға Мирас университеті құқық секторының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Нұржан Жақсылықов арнайы спикер ретінде қатысып, 1995 жылы қабылданған Конституция мен жаңа редакция жобасының негізгі айырмашылықтарына тоқталды.

Спикер референдумға ұсынылып отырған реформалардың бірнеше маңызды бағытын атап өтті. Оның айтуынша, басты өзгерістердің бірі – Конституцияның кіріспе бөлігіндегі тарихи және құқықтық құндылықтардың нақтылануы. Жаңа редакцияда заң мен тәртіп, әділеттілік қағидаттарына басымдық беріліп, мемлекеттің тарихи негіздері мен стратегиялық ұстанымдары айқын көрініс тапқан.

Сонымен қатар Нұржан Жақсылықов мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды. Оның сөзінше, қазіргі технологиялық даму мен құқықтық қатынастардың күрделенуі заңнамалық шешімдерді жедел қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты Парламент құрылымын жетілдіру және заң шығару үдерісін оңтайландыру бағытындағы ұсыныстар қарастырылып отыр.

Жиын барысында сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтар да талқыланды. Спикердің айтуынша, жаңа жобада саяси партиялардың рөлі күшейтіліп, бәсекелестік тетіктері жетілдіріледі. Бұл саяси үдерістердің ашықтығын арттырып, қоғамдық жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.

Сөз соңында заңгер Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолында әрбір мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігі ерекше екенін атап өтті. Мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу қажеттігін айтып, заңдылық қағидатын сақтау – қоғам сенімін арттырудың басты шарты екенін жеткізді.

Іс-шараға 50-ге жуық ауыл шаруашылығы және ветеринария саласының өкілдері қатысып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Кездесу қорытындысында қатысушылар конституциялық өзгерістердің практикалық маңызын талқылап, елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құруға бағытталған бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...