Мемлекет Басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет Басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

x

Check Also

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...

Цифрлық Түркістан: Жаңа технологиялар өңір дамуына жол ашады

Мемлекет басшысы Жолдауында цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл ...