Арыста «Ерлік – елге мұра» шарасы аясында Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Арыста «Ерлік – елге мұра» шарасы аясында Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толып отыр. Осыған орай, Арыс қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің монументінде ауған соғысы ардагерлері мен қала тұрғындарының және әкімдік өкілдерінің қатысуымен «Ерлік – елге мұра» шарасы ұйымдастырылды.

Шараға қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, Арыс қалалық «Отан» Ауған соғысының ардагерлері» ҚБ төрағасы Ергентай Көшкінбаев, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков және ауған соғысы ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Жиналған қауым алдымен сол соғыста мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған монументке гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Жиында әкім орынбасары Ерғали Омарұлы сөз сөйлеп, ерлердің ерлігі ұмытылмайды деді. Кездесуде «Ауған соғысы ардагерлері» кеңесінің төрағасы Ергентай Көшкінбаев ауған соғысының ардагерлері атынан көрсетілген құрметке алғысын білдірді. Шара соңында қаза тапқан боздақтарға құран бағышталды.

Айта кетейік, Қазақстаннан Ауған соғысына 22 269 адам қатысып, оның 924-і қаза тапты. Ал 1 015 азамат мүгедек атанды, 21 адам хабарсыз кетті. Ал, Арыс қаласынан Ауған соғысына 72 адам қатысып, оның 1-уі соғыста қаза тапты. Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған 33 ауған соғысы ардагері қазіргі таңда Арыс қаласында өмір сүруде.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...