Цифрлық дәуірдегі құқықтық қорғаныс күшейтілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Цифрлық дәуірдегі құқықтық қорғаныс күшейтілді

Қазақстанда цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын қорғау конституциялық деңгейде алғаш рет заң жүзінде бекітілді.

Негізгі заңға енгізілген бұл норма азаматтардың цифрлық ортадағы жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарының сақталуына бағытталған.

Сонымен қатар, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ұстау кезінде «Миранда ережесі» енгізіліп, азаматты бір құқықбұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке қайта тартуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, некені ер мен әйелдің одағы ретінде заңды түрде тану арқылы әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекеттің қағидаттарын нығайтып, азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін жаңа цифрлық талаптарға сай қорғауға мүмкіндік береді.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...