Мемлекеттің жаңа құндылықтары — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекеттің жаңа құндылықтары

Жаңартылған Конституция мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құндылықтарды жаңа мазмұнмен толықтырып, қоғамдық өмірдің барлық саласына ортақ әділдік, заң және тәртіп қағидаттарын алғаш рет конституциялық деңгейде бекітеді.Бұл нормалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау конституциялық принцип ретінде белгіленіп, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде айқындалады. Қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау да негізгі құндылықтардың қатарына еніп, азаматтық татулық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің маңызды шарты ретінде қарастырылады.

Конституциялық реформалар жобасы Негізгі заң мәтінінің 84 пайызын қамтып, елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған, ал оның толық мазмұнымен ресми ақпараттық порталдар арқылы танысуға мүмкіндік бар.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...