Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» қалалық филиалының ІХ конференциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» қалалық филиалының ІХ конференциясы өтті

Түркістан қаласында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының ІХ конференциясы өтті.

Жиында Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Рысбеков Қыдырәлі Оспанұлы сайланды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жаңа төрағаны құттықтап, кеңес мүшелеріне таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Конференцияда ардагерлердің қоғамдағы рөлі мен үлесі ерекше аталып өтті. Қала өміріне белсенді араласатын, түрлі бастамаларды қолдайтын ардагерлердің еңбегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Берекелі қоғам» құру идеясымен үндеспек.

Қала басшы өз сөзінде:
«Ардагерлер – қоғамның алтын қоры. Сіздер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятының қалыптасуына ұзақ жылдар бойы адал еңбек сіңірдіңіздер. Сондықтан да ардагерлердің орны қашанда биік, пікірі қашанда құнды», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысына және алдағы парламенттік реформаларға тоқталып, ардагерлерді осы бастамаларды кеңінен талқылауға, белсенді қатысуға шақырды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...