Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді – Ерлан Қарин — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тілге лайықты мәртебе берілгенін айтты. 

— Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның жаңа жобасында «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол — қазақ тілі. Басқа мемлекеттік жоқ, — деді ол.

Ерлан Қарин қазақ тілі биік тұғырда, өз орнында екеніне сенім білдірді.

— Мемлекетіміз барда қазақ тілі ешқашан ол тұғырдан түспейді. Демек сол үшін, ең бастысы мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші, ел бірлігін ойлау керек, — деді Мемлекеттік кеңесші.

Айта кету керек, өткен апта аяғында жарияланған жаңа Конституцияның жобасында мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы норма 9-бапта орналасқан. Ол жерде мемлекеттік тіл — қазақ тілі екені, ал мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны айтылған.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...