Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда

Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Үкімет отырысында жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады.

Оның айтуынша соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарды. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операциялар жасалып, жүрек ақаулары дер кезінде түзетілуде. Биыл протондық, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болады.

Біз ми ісіктері мен тамырлы патологияларды бір сатылы емдеу үшін гибридті операциялық бөлмелерді енгізіп жатырмыз. Қызметті жаңғырту аясында 36 балаға «гамма-пышақ» аппаратында радиохирургиялық операциялар жүргізілді.

Жыл сайын 400 балаға есту импланттары орнату бойынша операциялар жасалады, орта есеппен 700 шала туған нәрестеге ретинопатияны түзету жүргізіледі. Жоспарланған іс-шаралардың барлық кешені азаматтардың шетелге емделуге жіберілуін 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті министр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...