Түркияның Çalik Holding компаниясы шымкентте инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркияның Çalik Holding компаниясы шымкентте инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті

Шымкент қаласында ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі Түркияның Çalık Holding компаниясы өкілдерімен «Shymkent Invest – Front Office» бас директоры Дінмұхаммед Әбдірбекұлының және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша өңірлік директоры Өміржан Ерланұлының қатысуымен кездесу өтті.

Çalık Holding — Түркияның жетекші көпсалалы холдингі. Компания тоқыма, энергетика, құрылыс және инвестиция салаларында жұмыс істейді, энергетикадағы жалпы қуаты 1 000 МВт-тан асады. Холдинг 20-дан астам елде ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Компания өкілдері Шымкент қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетімен танысты. Сондай-ақ, жобаға қолдау көрсетуге, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және шетелдік серіктестерге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екеніміз айтылды.

Аталған бастама Шымкенттің индустриялық әлеуетін арттырып, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...