Мәжіліс депутаты «Шымқала» тарихи — мәдени кешенінің жұмысымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Мәжіліс депутаты «Шымқала» тарихи — мәдени кешенінің жұмысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласындағы әлеуметтік, мәдени салалардың жұмысымен танысу барысында Шымқала мәдени-тарихи кешенінде де болып, ондағы көне жәдігерлермен танысты. Мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Парламент депутатының бұл сапарында қасында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек те болып, сала мамандарымен кездесуді жүргізді.

-Тарихқа селқос қарауға болмайды, тарихи жәдігерлеріміз бен мәдени құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, қорғауымыз керек. Өздеріңізге белгілі қазба жұмыстарының нәтижесінде елімізде көне үш қаланың ғана орыны табылған. Ол –Тараз, Жаркент, Шымкент қаласы. Шымқала тарихи –мәдени кешінін аралау барысында білгеніміздей сан ғасыр бұрын-ақ қазақтың тұрмыс салтында су құбыры, жылу жүйесі болғанын көруге болады. Мен қай өңірге барсам да алдымен сол қаладағы мұражайға, архивке бас сұғамын. Өздеріңізге белгілі Парламенттегі біздің комитеттің ықпал етуімен елімізде екі мұражайға ұлттық статус берілді. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, түрлі әлеуметтік қолдауға ие болуын мәселе етіп көтеріп, «Ақжол» партиясы түйіткілдің шешілуіне ықпал етіп келеді.

Қазір архивтердегі құжаттарды цифрландыру ісі жандана түскен. Бұл істі одан әрі қарай да жалғастыра түсу керек. Құнды құжаттардың сақталуы маңызды. Ол үшін архивтерге жаңа заманауи техникалар қажет. Осы мәселеге де мән бергеніміз орынды,- деді Қазыбек Иса.

Бұл орайда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек біздің қалада архив ісіне үлкен мән беріліп отырғанын, қалалық архивте заманауи апараттар барын, қазірге дейін 3 миллионнан астам құжат цифрлы құжат жүйесіне енгізілгенін атап өтті.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...