Сауранда «Amanat» партиясы филиалының 2025 жылғы есеп беру жиыны өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда «Amanat» партиясы филиалының 2025 жылғы есеп беру жиыны өтті

Бүгін Сауран ауданында аудан активінің қатысуымен «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиыны өтті. Жиын аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ұйымдастырылып, аудандық филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков партия бастамаларының орындалуы және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстар туралы кеңінен баяндады.

Есепті кездесуде филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков партиялық жобалардың жүзеге асырылуы, қоғамдық қабылдаулар қорытындысы, тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы және ауданның әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған бастамалар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ, жыл ішінде атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров партия мен жергілікті билік арасындағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтіп, қоғам игілігі үшін бірлесе еңбек ету қажеттігін жеткізді.
— «Сауран ауданының дамуы — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Партия бастамалары шынайы істермен, нақты нәтижелермен жалғасуы тиіс. Тұрғындардың сенімін ақтау, олардың ұсыныстары мен талаптарын дер кезінде орындау -басты міндет. Бірлесе жұмыс істесек, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі арттыра аламыз», — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

Жиын соңында ауданның өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтар «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбеталиевтің атынан қоғамдық бастамаларға белсене атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...