Ысырапшылдық – қоғам дерті — Xnews — ақпарат агенттігі

Ысырапшылдық – қоғам дерті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мүшелерінің ысыраптың алдын алу бойынша қоғамға ҮНДЕУІ:

Ысырапшылдыққа қарсы тұру – тек экологиялық таңдау емес, мәдениет пен сана деңгейінің көрсеткіші. Әр затқа тиянақты қарап, қажеттілікті қанағаттандырып, артықтан бас тарту – дамитын қоғамның белгісі.

Бүгінгі таңда ең қажетті құндылықтың бірі – саналы өмір сүру мәдениеті. Ысырапшылдық – уақытты босқа өткізу, энергия мен суды шамадан тыс пайдалану, даңғазалық пен ас та төк, тойгершілікті әдетке айналдыру сияқты, қоғамға елеусіз әсер ететін, бірақ үлкен, ауыр салдары бар әрекет.

Қазақстанның ертеңіне жауапты – Сіз бен біз. Сондықтан әрбіріміздің таңдаумыз, әр қадамымыз өте маңызды. Дәл осы сәттен бастап, өз таңдауымызға мән берейік. Кішкентай қадам үлкен өзгерістерге жол ашады.

Шымкент қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің өңірлік форумына қатысушылар үндеу жолдайды.

Құрметті Аналар, қадірлі замандастар!

Баршаңызды ең құнды
1. Уақытымызды пайдалы іске жұмсауға: оқу, білім-ғылым жолында, жаңа дағдыға бейімделуге, кітап оқу – ізденіс пен дамуға, спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға арнайық. Ұрпағымызға осыны дәріптеуге міндеттіміз.
2. Су мен жарықты үнемдеу – кішкентай қадам, бірақ нәтижелі болар іс. Оны әр отбасы, балабақша, мектеп, оқу орындары, мекеме-ұйымдар барынша берік ұстануы қажет.
3. Қажетсіз шығыннан, артық сән-салтанаттан бас тартайық! «Той – халықтың қазынасы» деген қағиданы даңғазалыққа, тойдың түр-түрін көбейтіп, жарысқа айналдырмайық. Артық сән-салтанаттан бас тартатын жастардың пікірін ескерейік.
4. Өмір заңдылығына сай, адам қазасы болған шаңырақта жерлеу рәсіміне қатысты Муфтият бекіткен талаптарды ұстануға атсалысайық. Ас дастарханын той дастарханына айналдырмауымыз керек. Обал, сауаптың мәнін жоғалтпайық.

Ысырапты тоқтату – өзімізден басталатын мәдениет.

Сондықтан, еліміздің оңтүстік өңіріндегі Аналар кеңестері атынан Сіздерді «Саналы болу – сән. Үнемді болу – жауапкершілік» деген ұстанымға берік болуға шақырамыз.

Ысырапсыз қоғамды бірге құрайық!

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...