Шымкент: Еңбекші ауданында 2025 жылы 25 көшеде аяқ жол салу жұмыстары жүзеге асырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Еңбекші ауданында 2025 жылы 25 көшеде аяқ жол салу жұмыстары жүзеге асырылды

Еңбекші ауданы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды инфрақұрылым жұмысы жүргізілуде.

2025 жылы аудан аумағында жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 25 көшеге жаңа аяқ жол төселді. Сайрам көшесінің екі қапталындағы 2,8 шақырым бүлінген аяқ жол қалпына келтіріліп, ескі 162 бағананың орнына жаңа жарықшам бағаналары орнатылды.

Айта кету керек, 2024 жылы ауданда 23 көшеге 10,3 шақырым жүргіншілер жолы салынған болатын.

Бұл жұмыстар аудан инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...