Шымкент қаласында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты екі шатқал қызмет көрсетеді.
“Шымсая” шатқалы Қаратау ауданында орналасқан және аумағы 8 гектарды құрайды. Қазіргі таңда шатқалды «Жасыл белдеу» КММ күтіп-ұстауда, 8 200 дана көшет отырғызылып, ағымдағы жылы күзгі ағаш отырғызу маусымында шатқал аумағы қосымша көшеттермен толықтырылды.
Самал шатқалы Абай ауданында орналасқан және 25,772 гектар жерді қамтиды. Бұл шатқал Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасынан қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына 2020 жылғы 9 қыркүйектегі №548 қаулыға сәйкес, 2021 жылғы 2 ақпандағы қабылдау өткізу актісі арқылы өткізілген. Шатқал аумағында ешқандай қазба жұмыстары жүргізілмеген және 2021 жылдан бері көгалдандыру мен абаттандыру үшін қаржы бөлінбеген.
Қала әкімдігі шатқалдарды сақтап, оларды жасыл желекке бай әрі тұрғындар үшін демалыс орны ретінде дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
Атмосфералық ауа сапасын бақылау күшейтілуде
Шымкент қаласында кешкі уақытта ауада түтіннің байқалуының негізгі себептері: ауа температурасының төмендеуі, желдің болмауы, автокөліктердің көп шоғырлануы және жеке секторларда құрғақ шөп пен күзгі жапырақтарды жағу жағдайларының артуы.
Қала аумағының атмосфералық ауа сапасы «Қазгидромет» мекемесіне тиесілі 7 бақылау бекеті (4 қолмен сынама, 3 автоматтандырылған) арқылы үздіксіз бақыланып келеді. Қазіргі уақытта жоғарғы және экстремалды ластану фактілері тіркелген жоқ.
2025 жылғы 23–24 қарашада тұрғындар шағымдары негізінде «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС және Индустриалды аймақтар аумағында мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде санитарлық қорғау аймағында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормадан асуы анықталған жоқ.
Қаладағы 4 ірі кәсіпорын – «ПКОП», «Стандартцемент», «Шымкентцемент» ЖШС және «3-Энергоорталық» АҚ – автоматтандырылған мониторинг жүйесімен онлайн режимде бақылануда. Сонымен қатар, тұрғындардың шағымдары бойынша «Ордабасы» Индустриалды аймағындағы бір өндірістік кәсіпорынға тексеру тағайындалды.
2025 жылдың алғашқы 10 айында Департамент 29 тексеру жүргізіп, 50 әкімшілік іс қозғады, нәтижесінде шамамен 37,6 млн теңге айыппұл салынды (32,6 млн теңге өндірілді). Индустриалды аймақтарда 12 мекеме тексеруден өтті, оның ішінде: «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» ЖШС, «Китайско-Казахстанская Марганцевая Индустриальная Группа» ЖШС, «ЦветЛит» ЖШС, «Element 5» ЖШС, «ЭкоШина» ЖШС, «Категория ДМ» ЖШС, «Аламан Береке» ЖШС, «ENN» ЖШС, «Гермес-Б.Е.» ЖШС, жеке кәсіпкер «Хабибулла», «ТРМ» ЖШС, «VegaSmelting» ЖШС.
Сонымен қатар, экологиялық нұсқамаларды орындамаған 4 кәсіпорынға (оның ішінде «Китайско-Казахстанская Марганцевая Индустриальная Группа» ЖШС, «ХИЛЛ» ЖШС, «Гермес БЕ» ЖШС, жеке кәсіпкер Хабибулла) қатысты ҚР ӘҚБтК 462 бабының 3 тармағы бойынша хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Экологиялық рұқсатсыз жұмыс жүргізген 4 кәсіпорынның қызметі уақытша тоқтатылып, айыппұлдар салынды.
Шымкент қаласында ауа сапасын бақылау жүйесі тұрақты түрде жүргізіліп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылық қамтамасыз етілуде.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/IFG7_kEq8io?si=Cf2P7LizfkcP36ze
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары