«Ішімдіксіз ауыл» жобасы Жиделіде өз нәтижесін беруде — Xnews — ақпарат агенттігі

«Ішімдіксіз ауыл» жобасы Жиделіде өз нәтижесін беруде

Шымкент қаласында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өз тиімділігін көрсетуде.

Жуырда қалалық полиция департаменті мен жергілікті полиция басқармасының өкілдері Жиделі елдімекенінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жергілікті белсенді тұрғындармен бірге дүкендерді аралап, спирттік ішімдік сатуды тоқтату арқылы елдімекендегі қоғамдық тәртіпті сақтау маңызын түсіндірді.

Бастаманы қолдаған дүкен иелері лицензиялары бола тұра ішімдік сатпауға келісім берді. Бұл шешім – қоғам қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға бағытталған маңызды қадам.

Қала әкімдігі мен полиция қызметі алдағы уақытта да ішімдіксіз аймақтарды көбейтіп, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жалғастыратын болады.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Сұйытылған газ тапшылығы тұрақтандырылуда

Бүгінде Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газын (СМГ) өткізу бойынша 44 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Қала аумағында 4 газ толтыру станциясы мен 203 автогаз құю бекеті қызмет көрсетуде.

Энергетика министрлігі 2025 жылдың IV-тоқсанына арналған бөлініс бойынша қазан айында – 7 043 тонна, қосымша өтінім негізінде – 1 008 тонна, қараша айына – 8 410 тонна көлемінде СМГ бөлді. Қалаға ай сайын орта есеппен 12 мың тонна сұйытылған газ қажет.

Қазіргі таңда Шымкентте 66 мыңнан астам автокөлік сұйытылған газбен жүреді. Көлік санының көбеюі мен өзге өңірлерден келетін транзиттік автокөліктердің артуы уақытша тапшылық туындатқан.

Энергетика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар мәселені кезең-кезеңімен шешу шараларын қабылдап, газ жеткізу кестесін бекітті. Қаладағы газ ұйымдарымен бірлесіп күнделікті мониторинг жүргізілуде. Тұрғындар мен кәсіпкерлерді СМГ-мен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы бақылау жалғасып жатыр.

Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамту жұмыстары аяқталуға жақын

Шымкент қаласының Алтынтөбе (2-кезек) тұрғын алабын сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы қарқынды жүзеге асуда. Ауқымды коммуналды-инженерлік жобаның екінші кезеңін аяқтау 2026 жылдың І тоқсанына жоспарланған.

Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Мамандар газ құбырларын тарту, қосылу нүктелерін орнату және барлық инженерлік инфрақұрылымды техникалық талаптарға сай іске асыру жұмыстарын жалғастыруда.

Жоба жүзеге асқаннан кейін 124 үй немесе мыңға жуық тұрғын табиғи газға қосылып, экологиялық таза әрі тиімді отын түрін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Аталған жұмыстар Шымкент қаласы әкімдігінің Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тұрақты бақылауында. Негізгі мақсат – тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, өмір сүру жағдайын жақсарту.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/mP9jccfb70g?si=stxI4OA3bx20rutd

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...