Шымкент қаласы экономикасының өсімі республика бойынша алдыңғы қатарда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласы экономикасының өсімі республика бойынша алдыңғы қатарда

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты қарқынмен жалғасуда. Қала экономикасының негізгі салаларында өсім қамтамасыз етіліп, өндіріс, инвестиция тарту, құрылыс және қызмет көрсету бағыттарында оң нәтижелерге қол жеткізілуде.

Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында жалпы өңірлік өнім көлемі 2 237,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға өсті. Аталған өсім республикалық орташа көрсеткіштен (106,3%) жоғары деңгейде қалыптасты. Республика бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі құрылымындағы Шымкент қаласының үлесі 3,6 пайызды құрады.

Ал ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң өсім байқалды. Нақты айтқанда, сауда көлемі 24,6 пайызға, байланыс қызметтері 18,3 пайызға, өнеркәсіп өндірісі 14,7 пайызға, құрылыс жұмыстары 7 пайызға, инвестициялар 4,7 пайызға артты. Сонымен қатар, 982,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Нәтижесінде, Шымкент қаласы экономикасының өсімі 14,8 пайызды құрап, республика бойынша алдыңғы қатардан орын алды.

Шағын және орта бизнес бойынша 10 айда 1 971 жобаға қолдау көрсетілді

Шымкент қаласында шағын және орта бизнес экономиканың негізгі тіректерінің бірі ретінде белсенді дамып келеді. Кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және қызмет көрсету мен өндіріс салаларын кеңейту бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Шағын және орта бизнестің дамуы қала экономикасының тұрақты өсуіне және халықтың әл-ауқатының артуына оң ықпал етуде.

Атап айтсақ, Шымкент қаласында 2025 жылғы қаңтар-қазан айларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 141,6 мыңды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 %-ға артты. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 250,4 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,6% — ға өскен.Өндірілген өнім көлемі 2 027,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 24% — ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,6% — ға жетті.

Биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 20 млрд теңге қаралып, 10 айда 1 971 жобаға қолдау көрсетілді ,оның ішінде 191-і жаңа жоба болды.

Жаңа бастамаларды қолдау мақсатында кәсіпкерлерге қолжетімді инфрақұрылыммен қамтылған аумағы 45 мың шаршы метр құрайтын 3 «шағын өндірістік алаңдарды құру» жұмыстары жүргізілуде.

Қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілген

Шымкент қаласында білім беру саласы тұрақты дамуда. Қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешіліп, барлық мектептерде балалардың сапалы және қолжетімді білім алуына жағдай жасалды. Сонымен қатар, жаңа мектептер салу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету және мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында жоспарланған 17 300 орындық 12 мектеп толығымен пайдалануға берілді. Биыл бюджет есебінен 4 145 орындық 8 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2 мектеп пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен 10 мектеп, 1 балабақша күрделі жөндеуден өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының шешімімен қаладағы Президент резиденциясын балаларға арналған сауықтыру лагеріне айналдыру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...