Бұхарбай Парманов жетекшілік ететін қалалық қоғамдық кеңесте мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Былай айтқанда, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. Қоғамдық кеңес аптасына, айына қаладағы басқармалардың жұмысына мониторинг жасайды. Халыққа саналы қызметті бақылаудан бөлек бюджет қаржысы қалай жұмсалып жатыр, тиімділігін сараптайды.
Жақында Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысы Абзал Қайнарұлының 2025 жылы атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндама есебі тыңдалды. Біз негізгі бөлімдерді төмендегіше сараптап көрдік.
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:
Бүгінде қалада 81 елді-мекеннің 80-інде ауыз су жүйесі жүргізілген. 1 елді мекенге (Құрсай – 23 мың адам тұрады) су құбыры толық тартылған, қазір таңда абаттандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
2024 жылы Сайрам, Бозарық және Қайтпас-1 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып 27 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.
Қалада ауыз сумен қамту деңгейі 99%-дан 99,5%-ға өсті.
Биыл 4 елді мекенде ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, жаңа құрылыс аумақтары Қызылжар-2, Ақжайық және Тұран (Қайтпас-1 аумағы) елді мекендерін ауыз су жүйелеріне қосу (абоненттеу) жұмыстары аяқталуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы демеушілер есебінен 14 шақырым су құбырлары тартылып, Текесу елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды (құны шамамен 100 млн.тг. астам).
Құбырларды мердігер мекемелер әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, («Сарыағаш Аман» ЖШС, «Шебер-2» ЖШС, «Агидель Ас» ЖШС, «Оймақ Құрылыс» ЖШС, «ЖылуЭнерго Ремонт» ЖШС, «Алия-Сервис» ЖШС, «Akbars Stroy» ЖШС) демеушілік көмек ретінде ұсынып, құрылыс жұмыстарды «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ның тарапынан жүргізілді.
Сол сияқты, бүгінде демеушілер есебінен Айкөл елді мекенінде 18 шақырым су жүйелерінің құрылысы аяқталып, желтоқсан айының 1 нен бастап орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылды. (құны шамамен 157 млн.тг. астам).
Жыл қорытындысымен 11 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші 99,9%-ға жетеді.
Одан бөлек, қаланың ұлғайып жатқанын ескеріп, су жүйесінің қуаттылығын арттыратын 6 су жинақтағыш қондырғыны салу және Таскен, Оңтүстік, Ақжайық, Қазығұрт ст., Жиделі, Исфиджаб, Гидрогеолог, Орманшы елді мекендеріндегі жаңа құрылыс аумақтарында құрылыс жұмыстарын алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүргізу жоспарлануда.
Анықтама: Таскен е.м. ЖСҚ әзірленуде (жекеменшікке қосылған 675 үй), Оңтүстік е.м ЖСҚ әзірленуде (жалпы 989 үй, нақты 59 үй), Ақжайық ЖСҚ әзірленуде (жалпы 39 үй, нақты 19 үй), Қазығұрт станциясы және Жастар көшесі ЖСҚ әзірленуде (жекеменшікке қосылған 3 аз қабатты тұрғын үй және 9 жеке үй), Гидрогеолог ЖСҚ әзірленуде (жекенменшік 30 үй), Жиделі (жалпы 400 үй, нақты 15 үй), Исфиджаб (жекеменшікке қосылған 300 үй), Орманшы (жекеменшікке қосылған 408 үй).
Электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша:
Қазіргі таңда, 81 елді-мекен толық электр қуатымен қамтылған.
2024 жылы Асар-2 және Бозарық елді мекенінде электр жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып 15 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.
Биыл 7 елді мекенде электр жүйелерінің және электр қуатын артыратын 3 қосалқы стансаның құрылысы жүргізілуде (Ақжар 110 кВ, Бадам 110 кВ, Тұран 10 РП). Бүгінгі таңда, жаңа құрылыс аумақтары Қызылжар-2, Ақжайық, Азат, Құрсай және Тұран (Қайтпас-1 аумағы) елді мекендерін сапалы электр жүйелеріне қосу (абоненттеу) жұмыстары аяқталуда. Нәтижесінде 13 мың адам сапалы электр жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, құрылысы 2019 жылдан бері созылып келе жатқан құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын «Ақжар 110 кВ қосалқы станция» (ұзындығы 2,5 км 110 кВ кабель ұрланған, шығыны 500 млн.тг) нысанының құрылыс жұмыстары қазіргі таңда толығымен аяқталып, қабылдау актісі жүргізілуде.
Нәтижесінде, қосалқы станция Құрсай, Қазығұрт, Ақжар, Ақтас, Айкөл елді мекендеріне және индустриалды аймақтарға электр қуатын тарататын болады.
Одан бөлек, қаланың өсуіне және электр қуатының жетпеушілігіне байланысты, алдағы жылдары 7 қосалқы станцияның (Қызылсу 220 кВ, Тұран 110 кВ, Шымсити 110 кВ, Жұлдыз 220 кВ, ТЛЦ-2 110 кВ, Ынтымақ 110 кВ, ИЗ Бозарық-2 110 кВ) құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен іске асыру жоспарлануда.
Қала көшелерін жарықтандыру бойынша:
2023 жылы қаладағы жалпы 6 714 көшенің 2 028-і жарықтандырылып, сыртқы жарықтандырумен қамту деңгейі 30% болды. Осы кезеңде жарықтандыру жүйелерін орнату жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, басымдық магистральды және әлеуметтік маңызы бар көшелерге берілді.
2024 жылдан бастап көшелерді жарықтандыру жұмыстары Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан айтарлықтай күшейтіліп, жұмыс көлемі шамамен жиырма есеге артты. Нәтижесінде қосымша 2 270 көше жарықтандырылды.
Бұдан бөлек, қалалық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жеке демеушілердің (ЖШС «АБМ Билдинг 2007») есебінен тағы 125 көше жарықтандырылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы жарықтандырумен қамту деңгейі 65,9 % жетті.
2025 жылы ауқымды жұмыстар жалғасуда. Жыл ішінде 2 291 көшені жарықтандыру жоспарлануда, және жобаға сәйкес жыл соңына дейін қала аумағы 100 % сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ қаланың кешкі және түнгі келбетін айтарлықтай түрлендіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда қала аумағында жарықтандыру бойынша қызмет көрсетуші мекеме «ABM Building 2007» ЖШС-і 22.02.2021 жылы түзілген №1/371/1шартына сәйкес, 760 көшенің жарықшамдарына күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Ал, Жолаушылар көлігі және автмобиль жолдары басқармасымен жарықтандырылған көшелер аудан әкімдіктері тарапынан жүргізілуде.
Табиғи газбен қамту бойынша:
Қалада 81 елді мекеннің 60-ы табиғи газбен толық қамтылған. 20 елді мекен жартылай (жекеменшік) және 1 елді мекен (Айкөл) қамтылмаған.
2024 жылы Қайнарбұлақ, Ынтымақ-2, Бозарық, Еламан, Қаратөбе және Тәуелсіздікке-20 жыл елді мекенінде табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып 90 мыңнан астам адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.
Қалада табиғи газбен қамту деңгейі 96%-дан 97%-ға өсті.
Биыл 10 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда, Жұлдыз, Жалын, Қарабастау, Қызылжар-2, Қайтпас-1, Достық, Алтынтөбе және Тұран (Қайтпас-1 аумағы) елді мекендерін табиғи газ жүйелеріне қосу (абоненттеу) жұмыстары аяқталуда. Нәтижесінде 22 мыңнан астам адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, құрылысы 2021 жылдан бері созылып келе жатқан құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын Тассай елді мекені ағымдағы жылы толығымен аяқталады. Қазіргі уақытта биыл 2500 абонентке (жалпы 3345 абонент, 15 900 адам) кезең-кезеңмен табиғи газға қосылуға мүмкіндік берілді.
2025 жылы қалада газ желілеріне диагностика жүргізуге арналған арнайы «Пергам» типті жылжымалы қондырғысы сатып алынды. Оның көмегімен газ құбырының жай-күйі туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға, ықтимал зақымдануды немесе тозуды анықтауға, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесінің тиімділігін бағалауға болады.
Біз басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап, жеке жүлгелеп көрдік. Әрине, барлық жұмыс тиянақты орындалып жатыр деуге әсте болмайды. Қоғамдық кеңес мүшелері жекелеген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, Кемшіліктердің барын анықтады. Олқылықтардың орның толтыруға уақыт берді.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары