Шымкентте бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды

Бүгін Шымкентте қала әкімдігі мен кәсіпкерлік субъектілері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар түзілді. Бұл келісімдер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу бағытында қабылданып отыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бұл бастамаға «Грамад», «F-Mart» сияқты ірі сауда желілері, қаладағы азық-түлік базарлары мен ұн, ет, сүт, жұмыртқа, нан-тоқаш сияқты негізгі тағам өндірушілер, сонымен қатар, көтерме жеткізушілер де қосылды.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың айтуынша, меморандумдарға қол қою – бұл бір реттік шара емес, әкімдік пен кәсіпкерлік қоғамдастығы бірге жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстың жалғасы.

«Бизнес жоғары әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп келеді, бүгін біз тағы да бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді растадық. Біздің ортақ міндетіміз – қала тұрғындарын тұрақты бағамен, ашық нарықпен және негізгі өнімдермен қамтамасыз ету. Мұндай келісімдер нақты әсер беріп, азық-түлік нарығындағы кез келген құбылысты дер кезінде бақылауға, әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді А.Кәрімов.

Айта кетейік, меморандумдарға 100-ден астам кәсіпкерлік субъектісі қол қойды. Тараптар делдалдық тізбектерді қысқарту, бағаны негізсіз өсірмеу және инфляцияны төмендетуге бағытталған бастамаларды бірге атқаруға келісті.

Бұл қадам Шымкент қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын нығайту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып отыр.

Айта кетейік, қала әкімдігі бағаларға күнделікті мониторинг жүргізіп, жағдайды кәсіпкерлермен бірлесіп тұрақты бақылауда ұстайды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...