Түркістанда «Қаржылық қауіпсіздік алауы» эстафетасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Қаржылық қауіпсіздік алауы» эстафетасы өтті

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған «Қаржылық қауіпсіздік алауы» атты аймақтық эстафетаның қорытынды шарасы өтті. Эстафетаның негізгі мақсаты – қоғамда қаржылық сауаттылықты арттыру, заңсыз қаржылық әрекеттерге қарсы орта қалыптастыру. Сондай-ақ, азаматтарды алаяқтық әрекеттерден, фишингтік шабуылдардан және жеке деректердің қауіпсіздігіне қатысты қатерлерден қорғау мәдениетін кеңінен насихаттау көзделген.

Эстафета — өңір жастарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтардың қолдауымен өткен. Әр ауданда қаржылық қауіпсіздік жөніндегі түрлі акциялар, ақпараттық кездесулер және профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар заң мен тәртіп қағидаттарына негізделген қоғам қалыптастырудың маңызын атап өтіп, адалдық пен жауапкершілікті ортақ құндылық ретінде ұсынды.

Жабылу салтанатында облыс жастары қаржылық қауіпсіздіктің қоғамдағы рөлін баяндап, цифрлық дәуірде жеке ақпаратты қорғау, онлайн алаяқтықтың алдын алу және қаржылық мәдениетті қалыптастыру — әр азаматтың қауіпсіздігіне тікелей ықпал ететінін жеткізді. Сонымен бірге, Агенттік өкілдері эстафетаның жас ұрпақты ақпараттандыруда, жауапты азаматтық позиция қалыптастыруда және қаржылық қылмыстарға қарсы иммунитетті күшейтуде маңызды құралға айналғанын айтты. Іс-шара барысында өңір тұрғындарына қаржы саласындағы қазіргі трендтер, жаңа алаяқтық әдістері, олардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ Агенттік пен құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан алдын алу шаралары туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды. Қаржылық мәдениетті көтеру бойынша әлеуметтік бейнероликтер, оқу материалдары және жастарға бағытталған ақпараттық өнімдер таныстырылды.

«Қаржылық қауіпсіздік алауы» эстафетасы Түркістан өңірінде қоғамның құқықтық санасын арттыруға, азаматтардың өз қаржысын, жеке деректерін және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін сақтауға деген жауапкершілікті тереңдетуге бағытталған маңызды бастама ретінде өз мәресіне жетті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...