Жолдаудағы міндеттер талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Жолдаудағы міндеттер талқыланды

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Жиынға партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, атқарушы хатшының кеңесшісі Бегайдар Тулегенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Ержаппар, аудандық филиал төрағалары мен атқарушы хатшылары, мәслихат депутаттары, партия жанындағы кеңестер мен комиссия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, белсенді партия мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыстың негізгі мақсаты Президент Жолдауындағы басымдықтарды талқылап, оны қоғам арасында кеңінен насихаттауға арналды. Партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев өз сөзінде партия Президенттің қоғамдық тірегі ретінде Жолдауды ауқымды реформалардың лайықты жалғасы деп санайтынын жеткізді. Бұл құжат еліміздің даму жолындағы нақты әрі жүйелі жұмыстың негізгі бағдары болмақ. «Біздің міндетіміз Жолдауда айқындалған тапсырмаларды тиімді жүзеге асырып, халық игілігіне жеткізу болуға тиіс», – деді ол.

Ал филиал төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов жасанды интеллекттің маңыздылығына тоқталып «Жасанды интеллект – болашақ экономикасының іргетасы. Президентіміз атап өткендей, оны тиімді енгізу арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік аламыз. Партия филиалдары бұл бағыттағы бастамаларға қолдау көрсетіп, қоғамға түсіндіру жұмыстарын күшейтеді», – деді.

Жиын барысында партия мүшелері елдің өркендеуі тек мемлекет басшысының немесе партияның ғана емес, баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін жеткізді. Жасанды интеллект дәуірінде бізге білімді, білікті, жауапты азаматтар қажет. Жұмысшы мамандар жылы еңбек адамының мәртебесін көтеру ғана емес, ұлттық экономиканың берік іргетасын қалау бағытындағы стратегиялық қадамға айналу керектігі баса айтылды.

Сондай-ақ кеңеске қатысушылар Президенттің стратегиялық бастамаларына да тоқталды. Жолдау – еліміздің тұрақты дамуына арналған ұзақмерзімді стратегиялық жоспар. Ал Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы бүкіл қоғамға жасалған үндеу. Үш жыл ішінде Қазақстанның толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы жаңа дәуірге қадам басқанымыздың айғағы бола алады. Сонымен бірге әділетті қоғам құрудағы жауапкершілікке тоқталған партия жетекшілері мемлекетшілдігімізді, отансүйгіштігімізді сөзбен емес, іспен дәлелдеудің маңызын айрықша атап өтті. Сонда ғана әділетті қоғам құруға үлес қосу мүмкін болмақ.

Жиында барлық маңызды мәселелер қаралды. Ендігі міндет, Мемлекет басшысының саясатын қолдап, оны халық арасында кеңінен насихаттау болуы керек. Отырыс соңында Мұрат Жолдыхожаев жақында ғана AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалған Бегайдар Тулегенов пен атқарушы хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалған Талғат Балтабаевты ресми түрде таныстырды.

Жадыра МҮСІЛІМ, «Шымкент келбеті»

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...