Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің IV шақырылымы өз жұмысын тек отырыстармен шектемей, қаладағы өзекті мәселелерді тікелей бақылап, жауапты органдарға нақты ұсыныстар беруді жалғастыруда. Кеңес мүшелері түрлі бағыттағы нысандарға барып, жағдаймен көзбе-көз танысып, мониторинг жүргізіп келеді.
Атап айтқанда, Қоғамдық кеңес:
• Шымкенттің ескі қалашығы – Цитадель аумағындағы тарихи нысандардың жай-күйіне,
• Металлург саябағындағы абаттандыру жұмыстарына,
• Ағаштарды суару мен күтіп-баптау шараларына,
• Бозарық шағын ауданындағы бейберекет қоқыс үйінділеріне,
• Бадам өзені бойындағы шағал тастарының заңсыз пайдаланылу деректеріне,
• А.Асқаров атындағы дендросаябақтағы көгалдандыру жұмыстарына бақылау жүргізді.
Мониторинг нәтижесінде жауапты басқарма басшылары мен дендросаябақ директорының атына ұсыныстар беріліп, орындалу мерзімі белгіленді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасымен іске асқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кеңес мүшелерінің бастамасымен және «Сити Строй» ЖШС-нің демеушілігімен Д.Қонаев көшесіне 1300 түп ағаш отырғызылды.
Ашықтық пен жариялылық — басты қағида
Қоғамдық кеңес жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кеңес туралы барлық ақпарат Шымкент қаласы мәслихатының ресми сайтындағы арнайы бөлімде тұрақты түрде жарияланады. Сонымен қатар кеңес мүшелері «Kazkenes» республикалық платформасына тіркелген.Кеңес мүшелерінің белсенділігі әлеуметтік желілерде де көрініс табуда. Әрбір мүше өз парақшаларында атқарылған жұмыстар жайында ақпарат беріп отырады, жазбаларына оқырмандар тарапынан қызығушылық жоғары.
Қоғамдық кеңес отырыстары ашық форматта өтеді және қоғам назарындағы мәселелерге ден қою арқылы жергілікті билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып отыр.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/twP9FEcjzgU?si=sgGq6Ezq3UcTSaqJ
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
