Бақытты отбасы – тұрақты мемлекет!

Шымкент қаласы ПД-ның жергілікті полиция қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп осы жылдың 27-тамыз және 10-қыркүйек аралығында республикалық «Бақытты отбасы — бақытты ел!» акциясын өткізуде. Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.

Отбасындағы тыныштық пен өзара құрмет – мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығының басты кепілі.. Осындай маңызды шаралардың бірі  ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚ ОТЗЗҚКб инспекторлары тұрғындармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Бақытты ел – бақытты отбасы» акциясы бірқатар әлеуметтік әрі тәрбиелік бағыттағы міндеттерді қамтиды:
• Отбасындағы жылулық пен сүйіспеншіліктің маңызын көрсету. Бұл арқылы қоғамға отбасының адам өміріндегі орны ерекше екені түсіндіріледі.
• Жасөспірімдерді дұрыс тәрбиеге баулу. Әсіресе қазіргі заманда балалардың тәрбиесіне қоғам мен ата-ананың бірдей жауапты екені атап өтіледі.
• Мейірімділік пен жауапкершілікті дәріптеу. Қоғамдағы адамгершілік құндылықтарын нығайту арқылы ортақ игілікке қол жеткізу көзделеді.
• Тұрақты әрі бақытты қоғам құру. Берік отбасы – тұрақтылықтың кепілі, ал тұрақтылық – мемлекеттің дамуының негізі.

Бұл бастама тек түсіндіру жұмыстарымен шектелмейді. Әдетте мұндай акциялар аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады:
• Отбасылық мерекелік жиындар мен дөңгелек үстелдер. Мұнда ата-аналар, балалар, ұстаздар және қоғамдық ұйымдар өкілдері бас қосып, отбасы мәселелерін талқылайды.
• Балаларға арналған байқаулар мен шығармашылық жұмыстар. Арнайы конкурстар мен көрмелер арқылы балалардың ой-өрісі мен талантын дамытуға жағдай жасалады.
• Әлеуметтік желілердегі флешмобтар. Қазіргі жастардың қызығушылығын ескере отырып, отбасы құндылықтарын дәріптейтін челлендждер ұйымдастырылады.
• Дәрістер мен семинарлар. Маман-психологтар, құқық қорғау органдары өкілдері және педагогтар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақ халқы ежелден отбасы мен әулетті ерекше қадірлеген. «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз отбасының қоғамдағы рөлін айқын көрсетеді. Сондықтан мұндай акциялар халыққа ұлттық дәстүрді ұмытпай, отбасы құндылығын сақтау қажеттігін еске салады.

Бақытты отбасы – мейірімділік пен сыйластыққа негізделген шағын мемлекет. Осындай шағын мемлекеттердің бірлігі елдің тұтастығы мен тұрақтылығына жол ашады.

Акция аясында жасөспірімдердің тәрбие мәселесіне ерекше назар аударылды. Өйткені болашақ қоғамның бет-бейнесін қалыптастыратын – бүгінгі жастар.
• Жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру,
• оларды еңбекқорлыққа, білімге, мәдениеттілікке баулу,
• зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру – әр ата-ананың, әр ұстаздың басты міндеті.

Акция тек отбасы мүшелерін ғана емес, бүкіл қоғамды ортақ жауапкершілікке шақырады. Өйткені мықты отбасы – берік қоғамның негізі. Егер әрбір отбасы өз ішінде сыйластық пен түсіністікке қол жеткізсе, бүкіл қоғамда тұрақтылық орнайды. Мұндай іс-шаралар арқылы халыққа мына ой жеткізіледі: қоғамның даму деңгейі отбасының жағдайымен тікелей байланысты. «Бақытты ел – бақытты отбасы» акциясы – отбасының адам өміріндегі және қоғамдағы орнын айқындайтын маңызды бастама. Бұл шара халыққа бірлік пен сыйластықтың, мейірім мен жауапкершіліктің мәнін түсіндіреді.

Әл-Фараби ауданында өткен түсіндіру жұмыстары – жалпы республикалық акцияның бір бөлігі ғана. Дегенмен әрбір осындай қадам қоғамның рухани дамуына, жастардың дұрыс тәрбие алуына және отбасылық құндылықтардың нығаюына септігін тигізеді.

Сонымен қатар Еңбекші ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерекесі қарсаңында аудан тұрғындарымен кезекті ашық кездесу «Қаратөбе мадениет үйі» ғимаратында өтті. Тұрғындар кездесуде әлеуметтік нысандардың жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, жол жөндеу, қоғамдық көлік және денсаулық сақтау салаларына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Азаматтардың талап-тілектері мұқият тыңдалып, жауапты органдардың құзыретіне қарай қарастырылатыны атап өтілді. Қала прокуратурасының ұйымдастыруымен осыған ұқсас қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұдан бөлек Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкі командирінің қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Тоқтарбек Аширбаев жаяу бағытқа түсетін қызметкерлерге нұсқаулық өткізді. Ол өз сөзінде ең алдымен заң мен тәртіп қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының талаптарын түсіндіріп, қызмет барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Полиция қызметкерлерінің сыртқы келбетіне, формадағы жинақылық пен мәдениеттілікке де назар аударылатыны айтылды. Себебі, әрбір қызметкердің бейнесі – ол тұтас полицияның абыройы мен беделін айқындайды. Мұндай нұсқаулықтар полиция қызметінің тиімділігін арттыруға, ал ең бастысы – қала тұрғындарының сенімін нығайтуға бағытталған.

Адамзат баласы әлмисақтан бері әділет іздеп келе жатқаны анық. «Әділет жоқ» деп кей-кейде налитынымыз да бар. Әркімнің өз ақиқаты барын ескерсек, тұтас қоғам мен мемлекеттің әділ болуы – аса маңызды мәселе. Бұл ретте біздің қоғамның әділетке зәру екені белгілі. Осыны терең сезінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына ұстаған кезінде «Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз» деп мәлімдеді. Содан бері елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен тың әрі жаңа өзгеріс серпілісі басталды.

Президент Жол­дауын­­да халықтың құқық­­тық мәдениеті артып, қоғамда оң өзгерістер байқалып келе жатқанын атап өтті. «Қа­зақ­стан халқы қазір мүл­де жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқым­ды реформалар жасал­ды. Еліміздің саяси жүйесі түбе­гей­лі өзгерді. Жұрт­тың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқық­тық мәдениеті артып келеді. Аза­мат­тардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр», деді Қ.Тоқаев.

Әділетті Қазақстан орнық­ты­ру­дың басты ұраны да, құралы да заң мен тәртіп болуы керек. Бұл, әсіресе бүгінде түрлі пікірлер мен көзқарастардың тайталасы ушыға түсіп, кейде жеке адамның ар-намысын аяқасты ететін, кейде Құдайға да, Құранға да қарсы шығып, ата салтты мансұқтап, үлкен­дер­­дің айтқанына құлақ асудан да қалып бара жатқан қоғам үшін ауадай қажет. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының осы үш қағидасы, яғни заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм барлық отандасымызды ортақ мүдде мен мақсатқа жұмылдыратын басты идеологиясы болуға тиіс.

Бұл сабақтастықтың үзілмеуі үшін отбасы құндылықтарының сақталуы маңызды. Сонда ғана заң мен тәртіп үстемдік еткен, адам құқығы бағаланған, тыныштық орнаған Әділетті Қазақстанның байрағы биік болмақ.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...